Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Жамбыл облысының полиция департаменті мен Тараз қалалалық полиция басқармасы бірлесіп қала аумағында рейдтік шара өткізді.
Тексеріс барысында мекеме әкімшіліктерімен профилактикалық әңгімелер және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіп иелері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекісіндегі заңсыз айналымдарға қатысты енгізілген өзгерістермен танысты. Осы құқық бұзушылықтар үшін заңнамада 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық көзделген. Рейдтік шаралар «Дәрмек» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде өтті. Жамбыл облысының полиция департаменті күшті әсер ететін заттарды заңда белгіленген тәртіппен өткізу және тарату елеулі құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын еске салады.