Тараз қаласындағы №2 қалалық емханаға аккредитация қорытындысы бойынша «Жоғары санат» дәрежесі берілді. 35 жылдық тарихы бар медициналық мекеме бүгінде өңірдегі жетекші алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының біріне айналған. Аталған мекемеге баспасөз туры ұйымдастырылып, журналистер емхананың материалдық-техникалық базасымен, қызмет сапасымен және заманауи бағыттағы жобаларымен танысты.

Емхана «Салтанат» шағын ауданының 67 мың тұрғынына қызмет көрсетіп келеді. 2026 жылға қарай мекеме «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы шеңберіндегі көрсеткіштерді толық орындап, профилактика мен ерте диагностиканың тиімді моделін қалыптастырғанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың денсаулығын нығайтуда скринингтік тексерулер мен алдын алу шараларының нәтижесі айқын байқалған.