«Жыр жауһары – Жамбылым!». Осындай атаумен Таразда республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Аталған жыр додасы ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналды. Кеш аясында ұлттық поэзияның қадір-қасиеті ұлықталып, көрермендер әсерлі жыр кешінің куәсі болды.

Жыр сайысына еліміздің әр өңірінен келген 18–35 жас аралығындағы ақындар қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады. Алғашқы кезеңде қатысушылар Жамбыл Жабаевқа арнаған туындыларын оқыса, екінші кезеңде патриоттық тақырыптағы өлеңдерін ұсынды.