М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде конституциялық реформаны түсіндіру бойынша арнайы жиын өтті. Аталған кездесуге Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов төрағалық етті. Басқосуда спикерлер белсенді жастар мен студенттер қауымына конституциялық реформаны жіті түсіндіріп, оның ел ертеңі үшін маңызды қадам екендігін айтты. Сондай-ақ, көптің көкейіндегі сауалдарға да жауап берді.
2026 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамында Жамбыл облысы атынан қоғам қайраткерлері Қасымхан Төлендиев пен Сауран Қалиетің болуы – өңіріміз үшін үлкен жауапкершілік пен зор сенім болғаны жасырын емес.