15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды дайындау мен өткізуге қатысты жиын өтті. Онда ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман өңірге жұмыс сапарымен келіп, алдағы науақанның жұмысын пысықтады. Жиында референдум өткізу процесінде учаскелерді талапқа сай жабдықтау, заң талаптарының қатаң сақталуы, дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттары туралы жан-жақты айтылды.
Жамбылда референдумға дайындық қарқынды. Аймақта дауыс беретін 513 референдум учаскесі бар. Олардың барлығы қажетті жабдықтармен қамтылған. 21 учаске жабық санатында. 525 референдум комиссиясы бар. Учаскелік комиссиялар 22 ақпаннан бастап жұмыс істей бастады.