Облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстаннның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдығына орай әдеби кеш өтті. «Қаламы –тағдыр, тағдыры –тарих» тақырыбындағы жиынға студенттер, оқушылар және профессорлар қатысты.
Әдеби кеш барысында қабдеш Жұмаділовтың өмір жолы мен шығармашылық белестері кеңінен сөз болды. Жазушы 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР Шыңжаң өлкесінде дүниеге келген. 1962 жылы тарихи Отаны –Қазақстанға қоныс аударуы оның ұаламгерлік тағдырына ерекше ықпал еткен. Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш», «Тағдыр», «Атамекен» романдары мен повесть, әңгімелері қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған. Іс-шара барысында оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу өтті.