Елімізде 15 наурызда жаңа Конституция бойынша референдум өтеді. Саяси науқанның халыққа тиімді тұстарын түсіндіру үшін өңірлік коалиция мүшелері Жамбыл облыстық онкологиялық аурухана ұжымымен кездесу өткізді.
Референдум – елдің болашағына қатысты маңызды шешімдердің бірі. Жиында өңірлік коалиция мүшелері дәрігерлерге референдумның негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, алдағы саяси науқанның ерекшеліктері түсіндіріліп, азаматтардың өз таңдауын жасау құқығы жөнінде айтылды. Ал медицина қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.