Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сәкен Арубаев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барды. Онда халық қалаулылары бірқатар мәдениет ошақтарын аралап, өндіріс нысандарының жұмысшыларымен жолықты.

Аудандағы кездесуде сенаторлар Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жаңа жобадағы өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызын жан-жақты баяндап, олардың ел дамуы мен болашағына ықпалы туралы кеңінен айтты.