18 жаста миллион табу қиял емес - батыл қадамның нәтижесі. Тараздық студент Қайырбек бала күнгі қызығушылығын табысқа айналдырды. Ол шетелден ерекше үй гүлдерін жеткізіп, оларды креативті әрі сәнді үлгіде әрлейді. Әр гүл шоғы - жай ғана сыйлық емес, дайын эмоция. Тапсырыстың басым бөлігін өзі дайындап, сапаны жеке бақылайды.
Гүлдер негізінен Қытай мен Нидерланд елдерінен жеткізіледі. Оларды күтіп-баптауға Қайырбектің әкесі мен анасы да атсалысады. Үй ауласында 5 мың түп гүл өсіруге арналған жылыжай бар. Бұл орын өсірдіктердің жыл бойы құлпырып өсуіне өте қолайлы. Сондықтан кәсіп тұрақты табыс көзіне айналған.