Бүгін 27 ақпан – дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай, аймақ басшысы азаматтық сектор өкілдерімен кездесті. Атаулы күнде бірқатар азаматтар марапатталып, алғысқа бөленді.
1950 жылыы 27 ақпанда БҰҰ қарарында «Халықаралық үкіметтік емес ұйым» ұғымы енгізілді. Бұл адамзат үшін маңызды міндеттерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін тануды білдіреді. Осылайша 27 ақпанды Дүниежүзілік ҮЕҰ күні ретінде атап өту бастмасы ұсынылды. Еліміз Тәуелсіздігінің маңызды жетістіктерінің бірі үкіметтік емес ұйымдардың кәсіби, белсенді және тәуелсіз қоғамдастығының қалыптасуы болып табылады.