Жыл сайын Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні атап өтіледі. Бұл – ел тарихына тағзым етіп, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің бірлігін бекемдей түсетін мереке. Бұл күн – өзара құрмет пен сыйластықтың, татулық пен тұрақтылықтың символы.
Осыған орай Таразда облыстағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен тағылымды іс-шара өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі де арнайы қатысып, жамбылдықтарды мерекемен құттықтады.