Жамбыл облысының аудандарын аралып жүрген сенатор Бекболат Орынбеков бұл жолы Мойынқұм жұртшылығымен кездесті. Халық қалаулысы Айдарлы, Мойынқұм ауылдарында болып, жергілікті халықпен, жастармен, еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесті. Мақсат, жаңа Конституция жобасын түсіндіру.

Алғашқы жиын Мойынқұм ауылдық округі тұрғындарымен кездесуден басталса, одан ары Айдарлы ауылында жалғасты. Басқосу барысында депутат Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталып, олардың ел дамуына, құқықтық жүйені жетілдіруге және азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті.