Көктемнің алғашқы мерекесіне орай, Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде оқушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара оқушылардың өздері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесімен басталды. Мұнда ағаштан оюланып жасаған түрлі тұрмыстық заттар, тоқымадан жасалған ойыншықтар, түрлі жанрда салынған портреттер келушілердің назарына қойылды. Мәдениет үйінде жалғасқан іс-шара мерекелік кешке ұласты. Жас өнерпаздар түрлі этностардың қазақ жеріне қалай қоныстанғандығы,қиын кезеңде Қазақ халқының оларға көрсеткен мәрттігін сахналық көріністер арқылы сомдады.