Медицина мамандары бас қосты
Жұқпалы аурулар қазіргі қоғамдағы ең үлкен қауіптердің бірі. Оның үстіне Жамбыл облысы жұқпалы аурулардың өте жоғары деңгейі бар аймақтың бірі болып табылады. Сондықтан, бүгін еліміздегі білікті дәрігерлер мен профессор-инфекционистер бас қосып ғылыми- практикалық конференция өткізді.
Ғылыми-практикалық конференцияға Астана қаласынан медицина ғылымдарының докторлары, профессорлары арнайы шақыртылды. Олар еліміздегі жұқпалы аурулардың қазіргі жағдайын айтып, облыстың дәрігерлерімен өзара тәжірибие алмасты.