Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде конституциялық реформаны түсіндіру бойынша жиын өтті. Басқосуда спикерлер білім ордасының қызметкерлері мен студенттер қауымына конституциялық реформаны жіті түсіндіріп, оның ел ертеңі үшін маңызды қадам екендігін айтты.
Жаңа Конституция ел бірлігін нығайтып, тұрақтылықты бекемдеуге және мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашуға бағытталған маңызды құжат. Референдум - бұл жай ғана саяси науқан емес, мемлекетіміздің келешек даму бағдарын айқындайтын тарихи таңдау. Әрбір азаматтың белсенді қатысуы - отаншылдықтың, ел болашағына деген жауапкершіліктің нақты көрінісі. Өз кезегінде университет ұжымы мен жастар ұсынылып отырған өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, жобаны қолдайтындарын жеткізді.