Меркі ауданы Талдыбұлақ ауылында «Шағын жинақталған мектептегі оқу-тәрбие процесінде жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында семинар кеңес өтті. Мақсаты, мектептерге жасанды интелект мүмкіндіктерін енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Аталған іс-шараға Меркі аудандық білім бөлімі, шағын жинақталған мектеп басшылары мен ұстаздар қауымы қатысты.

Іс-шарада жасанды интеллект құралдары арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу материалдарын саралап ұсыну, уақытты тиімді пайдалану және мұғалім еңбегін жеңілдету мәселелері кеңінен сөз болды.

Семинарға қатысушылар «Шағын жинақталған мектеп жағдайында білім сапасын арттыруда ЖИ мүмкіндіктерін, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарлама аясында құқықтық және заманауи форматта ұйымдастыру жолдарын көрсетті.