Негізгі Жаңалықтар 471 млрд теңгеге 47 жоба жүзеге асады

471 млрд теңгеге 47 жоба жүзеге асады

Биыл аймақта 471 миллиард теңгеге 47 жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде, 2,5 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылу керек. Ал, 2026 - 2029 жылдар аралығында жалпы құны 5, 6 триллион теңгені құрайтын 116 инвестициялық жоба іске аспақ. Бұл ақпаратты аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев «Атамекен» президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевпен өткен кездесуде айтты.

Кездесудің басты мақсаты - бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелерді ашық талқылап, инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін нақтылау болды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев билік пен бизнес арасындағы жүйелі өзара іс- қимыл өңір экономикасының тұрақты дамуының негізгі кепілі екенін атап өтті.

Бөлісу