Қазақстан мен Сербия кәсіпкерлері ауқымды жобаларды бірге жүзеге асыратын болды. Астанада өткен жиында кәсіпкерлер байланыс орнатып, келісімдерін құжатпен бекітті. Ал қос елдің үкіметтері олардың барлық бастамаларына қолдау танытатындарын жеткізді.

Бұл Қазақстан-Сербия іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы. Бизнес өкілдері байланысы бұрыннан бар. Бүгінде Қазақстанда Серб капиталының қатысуымен 40-тан астам компания жұмыс істеп жатса Сербияда 44 қазақстандық компания тіркелген.