«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты байланыс полкі 32 жылдығын атап өтті. Салатанатты жиында үздік әскери қызметшілер марапатталып, алғысқа бөленді.

Салтанатты іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс әскерлерінің бастығы, полковник Сымбат Тұяқов арнайы қатысты. Байланыс полкінің ол үшін ерекше орын алады. Бүгінде байланыс полкін подполковник Тахир Нартов басқарады. Ол бөлімнің құрылған күнін айтып, өткен мен бүгінді саралады.