Болашаққа апарар ең маңызды жол- өз мамандығын дұрыс таңдау. Осыған байланысты Тұрар Рысқұлов ауданы, Қазақ ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы тірек мектебінде «Мамандығым- мақтанышым» атты кездесу кеші өтті. Оған әр салада табысты еңбек етіп жүрген үздік мамандар қатысып, өз ой- пікірлерімен бөлісті.
Қазақ ауылындағы тағылымды кездесуге ақпарат және мәдениет саласының ардагері Қаржаубай Сыдықназар, Қазақсанның еңбек сіңірген қайраткері Жүніс Әлімбек сынды аға буын өкілдері мен журналистика, теміржол, жастар саясаты салаларында абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтар қатысты. Кездесу барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, театрландырылған қойылымдар қойды, бірігіп хор айтты.