Өңірде медициналық бұйымдарды толық өндірістік циклмен шығаратын ірі кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұған дейін өнімдерінің басым бөлігі шетелден импортталған болса, бүгінде зауыт ішкі нарықты ғана емес, ТМД елдерін де қамтып отыр. Күніне 70 мыңға жуық медициналық система өндіретін өндіріс орнының әлеуеті қандай?

Кәсіпорын 2011 жылы ашылған. 15 гектар аумақты алып жатқан өндірістік кешен бүгінде өңірдегі стратегиялық нысандардың біріне айналған. Медициналық системаға қажетті түтікшелер де осы жерде өндіріледі. Яғни, өнімнің барлық негізгі бөлшегі бір алаңда жасалып, дайын медициналық бұйым ретінде нарыққа жол тартады.