Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен мұғалімдерге арналған педагогикалық хакатон өтті. «STEM және цифрлық білім беру ресурстарын бастауыш сыныпта қолдану» тақырыбындағы бұл іс-шара заманауи білім беру талаптарына сай жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Педагогикалық хакатонның басты мақсаты – мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, цифрлық ресурстар мен жаңа әдістерді тиімді қолдануға ынталандыру, сондай-ақ әріптестер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.