Талас ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев спортшылармен кездесіп, Жаңа Конституцияның жобасын талқылады. Маңызды құжаттағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды жан-жақты түсіндіріп, мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаны елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезең екенін атап өтті.

Қазіргі таңда еліміз бойынша жаңа Конституцияның жобасы қызу талқыланып жатыр.Талқылауға қоғам қайраткерлері мен белгілі тұлғалар да үн қосуда. 84 пайызға өзгерген Конституцияда еліміздің еркін дамуы мен тыныштығы, бірлігі, тұтастығы назарға алынып отыр. Әр Президенттің бір мерзімге ғана сайлана алуы, вице-Президент институтының құрылатыны да ел дамуына қолайлы шешімдер болмақ.