Патрульдік топ қоғамдық көлікте ұялы телефонын қалдырып кеткен балаларға смартфонын табуға жәрдемдесті. Екі оқушының біреуі ұялы телефонын ұмытып, жақын маңдағы полиция қызметкерлеріне жүгінген. Жағдай тез арада бақылауға алынып, жедел басқару орталығының көмегімен бейнебақылау камералары арқылы автобустың қозғалыс бағытын анықтады.