Әскерде тек Отанды қорғаудың қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, азаматтық өмірге қажетті жұмысшы мамандықтарды игеруге де мүмкіндік бар. Соңғы екі жылда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери жөндеу-қалпына келтіру базасында «қос бағытты дайындық» жүйесі табысты жүзеге асып келеді. Мұнда мерзімді әскери қызметшілер әскери машықпен қатар, нақты өндірістік дағдыларды жетілдіреді.