Бүгінде әлем халқының тең жартысы ауыз судың жетіспеушілігін сезініп отыр. Сондықтан оның саяси-экономикалық маңыздылығы кейбір елдер үшін қара алтыннан да қымбат. Қазақстанда сегіз су шаруашылығы бассейні бар. Соның жетеуі көрші елдермен ортақ. Сол себепті Президент құрылтайда айналамен өзара диалогты арттыру аса маңызды екенін айтты. Бүгінде Аралмен қатар Каспий, Балқаш және Ертіс секілді ірі су айдындарының тағдыры дипломатиялық байланыстарға тікелей тәуелді.