Шыр еткен қоңырауға өмірін тәуекелге тігетін мамандар жайлы білесіз бе? Иә, төтенше жағдайлар қызметкерлері үшін бұл күнделікті жұмыс. Десек те, олардың таңы кофеден емес, жауынгерлік киімдерін киіп, физикалық дене жаттығудан басталады.

Себебі, жайбарақат тыныштық әп-сәтте-ақ қауырт жұмысқа айналуы әбден мүмкін. Ал, осы саланың сайыпқыраны, өткен жылдың қорытындысымен республикалық байқауда «Үздік анықтаушы» атанған жамбылдық маман - Азат Амангелді.