Жамбыл ауданына қарасты Шәкен Ниязбеков ауылындағы Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектеп базасында «Жас сақшылар» сыныбы ашылды. Сыныпқа Ғазиз Байтасов аты берілді. Бұл бастама «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жас ұрпақты отансүйгіштікке баулу мақсатында қолға алынып отыр.