Елімізде шаруашылықтың шырайын кіргізіп, халықты етпен қамтамасыз етіп жатқан жандар жетерлік. Соның бірі Т. Рысқұлов ауданы Ақыртөбе аулында орналасқан «Хамза» шаруа қожалығы. Ет бағытындағы ірі қара мал ұстап, қой шаруашылығын өрістетіп отырған олар енді сүт бағытындағы сауын сиырлармен де айналыспақшы.