2025 жылы Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және азаматтардың мерзімді әскери қызметі жүйесінде цифрландыруды бастады. Жаңа жүйе пилоттық режим түрінде Астана, Шымкент және Қарағанды облысында енгізілді.
Сондай-ақ, Таразда 120 орындық әскери казарма ашылды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған. Бұдан бөлек, аймақтағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерінің сержанты үздік әскери қызметші деп танылды.