Таразда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалған ба? Арнайы өткен рейд бұл сұраққа нақты жауап берді. Мысалы, қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарда өткізілген мониторинг барысында жай ғана «техникалық кемшілік» емес — адамдардың күнделікті өміріне кедергі болып отырған күрделі мәселелер анықталды. Рейд «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өтті.