Туған ел мен жердің тағдыры үшін арпалысып, өмірі ат үстінде өткен Ботбай Дулатұлы өз дәуірінде ержүрек батыр, өжет әрі ірі тұлғалы адам болған. Заманында елі мен жері үшін күрескен батырдың ұрпақтары жиналып, Сайрам қаласында орналасқан оның кесенесі маңынан жаңа қатымхана ашты. Бабаның рухына тағзым етіп, құран бағыштады.