Мойынқұм ауданының 2025 жылы әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштерін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестициялар, тұрғын үй құрылысы, көлік және инженерлік инфрақұрылым салаларында бірқатар нақты көрсеткіштер мен жобалар орындалған. Бұл жөнінде аудан әкімі Ермек Кәрентаев Таразда өткен баспасөз брфингінде баяндады.