Демалыс күндері қалада бірқатар спорттық іс-шаралар өтті. Соның бірі Тараз Арена спорт кешенінде каратэ-додан жасөспірімдер мен балалар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты болды. Бірнеше күнге созылған додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.