Еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ Бақтығұлдың бейнесі театрда сахналанды. Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» повесінің желісімен күні кеше Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында «Бақтығұл» жаңа қойылымның премьерасы өтті. Әділдік үшін күресіп, түрлі қиындықты бастан кешірген жанның тағдырын белгілі қырғыз режиссері Шамиль Дыйқанбаев көркем суреттеген.