20 қыркүйекте еліміз бойынша ауыл шаруашылығы санағының екінші, яғни оффлайн кезеңі басталған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар Меркі ауданында жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауыл шаруашылығы санағының бұл кезеңінде арнайы құрылған жұмысшы топ үйлерді аралап, жеке қосалқы шаруашылықтарға қатысты нақты мәліметтерді жинақтайды.