Қазақ руханияты мен әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті жазушы-драматург, публицист Елен Әлімжанның 80 жасқа толуына орай салтанатты кеш өтті. Жазушының шығармашылығына арналған бұл басқосу әсерлі қойылыммен басталып, өнер мен құрметке толы мазмұнды кешке ұласты.