Бүгін «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз қаласының «Тектұрмас» этномәдени кешенінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен партия қызметкерлері қатысты.