Өңірде алдағы уақытта ондаған медициналық ұйымдар бой көтеріп, ескілері қайта жаңғыртылады. Денсаулық сақтау – маңызды бағыттың бірі болғандықтан, бұл мақсатқа қазынадан қаражат қарастырылатын болады. Әйтсе де, миллиардтаған теңге бөлінетін салаға халық тарапынан айтылар сын, тағылар мін азайған жоқ.
денсаулық миәселесі талқыланған жиында Аймақ басшысы алдымен, көрсетілетін қызметтің мінсіз болу керектігін ескертті. Сәні мен салтанаты келіскен ғимараттағы ақ халаттылардың жұмысы да сапалы болғаны маңызды. Аппараттың кезекті отырысында сонымен қатар облыстағы туризмді жандандыру жайы да талқыға түсті.