Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен Қордай ауданына барды. Аймақ басшысы агроөнеркәсіп кешені мен әлеуметтік инфрақұрылым және денсаулық сақтау нысандарын аралап, олардың жай-күйімен танысты. Ең алдымен Ербол Қарашөкеев Масаншы ауылындағы «GreenWill» жылыжай кешенін аралады. Жалпы ауданы 11 гектарды құрайтын шаруашылықтың 4 гектары жылыжайға арналған. Негізгі өнім түрі – «Умагна F1» қызанағы мен қияр.