Президент Әкімшілігінің келісіміне және Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласы №7 емханасының фельдшер-зертханашысы болып бастаған. Әр жылдары Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станциясының эпидемиолог-дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінде жетекші маман, бас маман, сарапшы, басқарма басшы қызметтерін атқарды.