Тараз қаласында теміржол машинисі Марат Абызовты әріптестері салтанатты түрде қарсы алды. Ол ел Президентінің «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Бұл қошемет — оның кәсіби шеберлігі мен төтенше жағдай кезінде шұғыл шешім қабылдап, жолаушылардың өмірін сақтап қалғаны үшін берілген төс белгі.