Биылғы жылдың алғашқы бес айында жасөспірімдер арасында 13 суицидке қатысты іс тіркелді. Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірдей көрсеткіш. Одан бөлек, облыста жастар арасындағы қылмыстың азайғаны байқалғанымен, кейбір аудандарда керісінше, 100 пайыздық өсім тіркелген. «AMANAT» партиясының жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысында осы деректерге талдау жасалды.