Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған. 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, олар автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан. ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеу жүргізуде.