Рақымшылық аясында түрмеден нақты 662 адам шығады. Сондай-ақ артық жүріс-тұрысына шектеу қойылып, қатаң қадағалауда жүрген 3,5 мың азамат жазадан босатылады. Шамамен 11 мың қылмыскердің темір тордағы мерзімі қысқартылмақ. Осылайша биыл конституцияның 30 жылдығына арналған амнистияға барлығы 15 мың адам ілінеді. Кезекті жеңілдіктің терроризм, экстремизм, азаптау және жемқорлық баптары бойынша сотталғандарға қатысы жоқ .