Меркі жерінде елімізде сирек өтетін спорттық сайыс – табиғи жартас бедеріне өрмелеуден ҚР чемпионаты өз жалауын көтерді. Бұл – ауданда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды шара. Жарысқа Алматы, Шымкент, Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы және Жамбыл облысынан келген 30-ға жуық кәсіби спортшылар қатысуда.