Ертеңнен бастап, нақтырақ айтқанда маусым, шілде айларында мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының жұмысы зерделенеді. Яғни, басқарманың қазынадан биыл бөлінген 16,4 млрд. Теңгені қаншалықты тиімді игеріп жатқаны таразыға түспек. Облыстық қоғамдық кеңес мәдениеттің жұмысын май шаммен қарауға ниетті. Мониторингті Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты, қоғамдық даму және жұмыспен қамту жөніндегі комиссия жүргізетін болады.