Өңірлерде Үкіметтік емес ұйымдар үйін құру қажет. Бұл – өз кезегінде азаматтық институттардың үйлесімді әрекет етуіне өз септігін тигізеді. Мұндай ұсынысты Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазина көтерді. ХІІ өңірлік форумның екінші күнінде сондай-ақ, азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының келесі кезеңін іске асыру бойынша онференция өтті. Ал пленарлық отырыста қатысушылар Әділетті Қазақстанды құрудағы мемлекет пен азаматтық қоғамның әріптестік қатынасын нығайту жайын талқылады.