Дәріс пен лекцияға толы мазмұнды оқу жылы мәресіне жетіп, білім қуған жастар үшін жаңа белеске жол ашылды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде биыл 2475 студент оқуын аяқтап отыр. Олардың ішінде 145 магистрант пен 15 докторант білім ордасымен қош айтысса, ал 495 студент дипломдық жұмысын қорғаған.