Бүгін Таразда Тоғызқұмалақ федерациясының кубогы ойындары өтуде. Маусымның 7-12 аралығында өтетін турнирге еліміздің 10 өңірінен келген спортшылары қатысып жатыр. Турнир тоғызқұмалақ ойынының тарих беттерінде сақталуына үлес қосқан спорт қайраткерлері Әбілда Ақшораев пен Серікбай Тілеубаевты еске алуға арналады.